jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қызылордада спорт саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

    Спорт күні
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Бүгін Қызылорда қаласында Спорт күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен спорт саласының ардагерлері қатысты. Аймақ басшысы саланы дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, спортшылардың жетістіктеріне жоғары бағасын берді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

    "Сыр өңірінің спортшылары әлемдік додалар мен ел біріншіліктерінде әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің атын әлемге танытуда.

    Халықаралық аренада көк туымызды көкке көтерген сырбойылық спортшылар жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттарынан 31 алтын, 16 күміс, 22 қола медаль жеңіп алды. Ал ел біріншіліктерінде 120 алтын, 100 күміс, 162 қола медальға қол жеткізді.

    Мұрат Ергешбаев
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Өткен айда Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен волейболды отырып ойнаудан Әлем чемпионатында ұлттық құрама өкілдері қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында жерлестеріміз Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Шыңғыс Медеуов Әлем чемпионатының "Үздік ойыншысы" атанды.

    Өткен аптада Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен халықаралық турнирде Сыр мақтанышы Айдос Сұлтанғали жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем етті. Күні кеше ғана "Қайсар" футбол командасы Қазақстан Кубогының жартылай финалында астаналық "Жеңіс" командасын жеңіп, финалға жолдама алды. Бұл жетістіктер – мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар мен сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

    Спорт күні
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Сонымен қатар спорт саласының дамуына үлес қосқан азаматтар облыс және Туризм және спорт министрлігінің наградаларымен марапатталды.

    Салтанатты шарада волейболды отырып ойнаудан Әлем чемпионатында қола жүлде алған ұлттық құрама сапындағы Сыр спортшыларына аймақ басшысы 1 млн теңге қаржылай сертификат табыстады.

    Спорт күні
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Айта кетейік, соңғы төрт жылда Сыр өңірінде президенттің, үкіметтің ерекше қолдауымен, сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен 11 мың орындық "Kaysar Arena" стадионы, Теннис, Инклюзивті спорт орталықтары және 24 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді.

    Спорт күні
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Қаланың сәулеттік келбетіне көрік берген жаңа стадионға УЕФА-ның 4- санаттағы жоғары мәртебесі беріліп, республикалық және халықаралық футбол ойындарын өткізуге мүмкіндік алды.

    Облыс орталығында аумағы 25 мың шаршы метр "Қызылорда Арена" көпбейінді спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.

    Спорт күні
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Бүгінде аймағымызда 388 мыңнан астам тұрғын бұқаралық спортпен жүйелі шұғылданады. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын 33 спорт мектебінде 22 мыңнан астам шәкірт кәсіби бағытта тәрбиеленеді.

    Қызылордада спорт саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.