jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Құрылтай депутаттарын сайлау күні Сәтбаев қаласында 23 шақырымдық велошеру ұйымдастырылды

    велошеру
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Құрылтай депутаттарын сайлау күні Сәтбаев қаласында 23 шақырымдық велошеру ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын насихаттауға бағытталған шараға Ұлытау облысының дзюдодан құрама командасының спортшылары, белсенді жастар және колледж студенттері қатысты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

    Велошеруге қатысушылар қатарында республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген үздік спортшылар болды.

    Солардың бірі – Ұлытау облысының дзюдодан құрама командасының мүшесі Темірлан Кенжалиев. Ол 2025 жылы Макаода өткен жастар арасындағы Азия кубогінде 73 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленіп, Қазақстан құрамасының сапында жеңімпаз атанды.

    Сондай-ақ велошеруге Мәдияр Мағауияұлы, Бекмырза Бекетбай және Диас Ташкенбай қатысты. Олардың барлығы Ұлытау облысының дзюдодан құрама командасының мүшелері және өңір намысын республикалық, халықаралық жарыстарда қорғап жүрген спортшылар.

    Дауыс берушілер арасында Бекмырза Бекетбай да бар. Ол 2025 жылы Макаода өткен жастар арасындағы Азия кубогінде 73 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленіп, күміс жүлдегер атанған.

    Шараға сонымен қатар жергілікті технологиялық колледждің 5 студенті қатысып, спортшылармен бірге 23 шақырымдық бағытты еңсерді.

    Дауыс беру күні ұйымдастырылған велошеру спорт пен азаматтық белсенділікті ұштастырған ерекше бастамаға айналды. Қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласудың маңызын көрсетті.

    Құрылтай депутаттарын сайлау күні Сәтбаев қаласында 23 шақырымдық велошеру ұйымдастырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.