"Ауыр тиді": Соболенко US Open финалынан кейін Рыбакина мен жанкүйеріне арнап жазба жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Арина Соболенко US Open турнирінің қорытындысы туралы ойын айтты. Теннисші қазақстандық Елена Рыбакинаға және өз жанкүйеріне үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Арина Instagram желісіндегі парақшасында эмоцияға толы жазба жариялады.
"Мен армандаған финал болмады... Бүгін бәрі ауыр тиіп тұр, бірақ ертең біз бәрін қайта бастаймыз", - деп жазды ол.
Соболенко Рыбакинаны жеңісімен құттықтады.
"Елена Рыбакинаны керемет турнирмен, кешегі кеште тамаша ойын көрсеткенімен құттықтаймын. Бұл ғажап теннис болды.
Нью-Йорк, махаббат, энергия және ешнәрсемен салыстыруға келмейтін атмосфера үшін саған рақмет. Мұнда ойнау әрқашан ерекше. Келесі жылы кездескенше! Мен мұнда жеңіске деген бұдан да үлкен құлшыныспен ораламын", - деп уәде берді Арина жанкүйеріне.
Маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирінде Елена Рыбакина жеңіске жетті. Бұл нәтиже оған 9901 ұпаймен WTA рейтингінде көш бастауға мүмкіндік берді.
Қазақстандық теннисші жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде дебют жасады. Екінші орынға US Open финалында Рыбакинаға есе жіберген беларусь Арина Соболенко жайғасты.
WTA рейтингі жаңартылғаннан кейін қазақстандық спортшы ресми түрде әлемнің №1 ракеткасы атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2427107-auyr-tidi-sobolenko-us-open-finalynan-keiin-rybakina-men-zhankuierine-arnap-zhazba-zhariialady/
