jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Еркебұлан Тоқтар інісіне тосынсый жасап, ерекше сыйлық сыйлады (видео)

    Еркебұлан Тоқтар мен інісі
    Еркебұлан Тоқтар мен інісі. Кадр видеодан: instagram.com/erkebulan_toktar

    Актер, аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісіне Mercedes-Benz G-Class көлігін сыйға тартты, деп жазды Aikyn.kz.

    Ол інісінің еңбекқорлығы мен адалдығын бағалайтынын айтты. Актер жақында жеке кәсібін ашқан. Оның жұмысын інісі жүргізеді. Алайда ол осы уақытқа дейін еңбекақы сұрамаған. Спортшы інісінің осы қасиетіне риза болғанын айтты.

    "Бүкіл тірлікті осы жүргізеді. Осы уақытқа дейін бір рет те маған "Қанша жалақы төлейсің?" деген әңгіме айтқан емес. Міне, сол үшін Гелик саған. Құтты болсын", – деді актер.

    Еркебұлан Тоқтар басында көлікті сатып, қарыздарын жабуды жоспарлағанын айтты. Бірақ кейін жоспары өзгерген.

    "Бұл көлікті сатамын деп жүрдім. Маған сол кезде ақша керек болды, қарызым бар еді. Осы көлікті салонға апара жатқан кезде көліктің Әділге қалай жарасып тұрғанын, оның қалай қуанып тұрғанын көрдім де, Аллаға дұға жасадым.

    "Алла, маған керек ақшаны басқа жолмен беретін болсаң, мына көлікті Әділге сыйлаймын" дедім. Ертесіне бірнеше жоба бойынша ұсыныс түсті", – дейді Еркебұлан Тоқтар.

    Еркебұлан Тоқтар інісіне тосынсый жасап, ерекше сыйлық сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram