Рыбакина қандай турнирде жеңіске жетуді қалайтынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің төрт титулын да иелену үшін "Ролан Гаррос" жарысында жеңіске жетуді қалайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sportarena.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бұл мақсатты 2026 жылғы US Open турниріндегі жеңісінен кейін алдына қойып отыр.
"Білесіздер ме, US Open кезінде мен "Ролан Гарроста" жеңіске жетсем керемет болар еді деп айтқанмын, сонда менде "Үлкен дулығаның" төрт титулы болар еді. Қазір мен әлемнің бірінші ракеткасымын, бұл өте керемет. Бірақ маусым әлі аяқталған жоқ.
Осы қарқынды сақтап, жыл соңына дейін рейтингтегі бірінші орынды уысымнан шығармасам деймін. Дегенмен не болатынын кім білсін. Турда мықты ойыншылар мен қарсыластар өте көп. Жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін. Әзірге мақсатым – осы", - деді теннисші.
Жақында Рыбакина әлемдік теннистің жаңа құрылымына – "Үлкен дулыға" турнирлері ойыншыларының жаңа Консультативтік кеңесінің құрамына енгені хабарланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2437066-rybakina-qandai-turnirde-zhengiske-zhetudi-armandaitynyn-aitty/
