jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті

    жабылу салтанаты
    Азиада-2026 жабылу салтанаты. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Нагоя қаласында 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Оған Қазақстан құрамасы да қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылды.

    Жабылу салтанатында еліміздің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.

    Ақмарал Ерекешева
    Ақмарал Ерекешева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.

    Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 1958 жылы Токиода және 1994 жылы Хиросимада өткен жарыстардан кейін Жапонияда ұйымдастырылған үшінші Азия ойындары болды.

    Биыл елімізден 35 спорт түрінен 558 отандасымыз жарыс жолына шығып, нәтижесінде 84 жүлде (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 8-орынға тұрақтады.

    Енді Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында өз тарихында екінші мәрте Қатар астанасы Доха қаласында өткізіледі.

    Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram