jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Таеквондодан Қазақстан жастар командасының бапкері өмірден өтті

    Төлеген Төлемұратов
    Төлеген Төлемұратов. Фото: Sportbugin.kz

    Қазақ таеквондосының белгілі өкілі, Қазақстанның U21 құрамасының аға жаттықтырушысы Төлеген Темірланұлы дүниеден өтті, деп жазады Sportbugin.kz.

    Төлеген Төлемұратов отандық таеквондоның дамуына елеулі үлес қосып, талай ел чемпиондары мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздарын тәрбиеледі.

    "Ол кәсіби шеберлігімен, алғырлығымен, ерекше мінезімен және спортқа деген адалдығымен әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленді.

    Марқұмның қазақ таеквондосының өркендеуіне қосқан үлесі мен бапкерлік жолындағы еңбегі ұмытылмайды. Оның тәрбиелеген шәкірттерінің жетістіктері мен жарқын ізі спорт тарихында сақталады", - деп жазады sportbugin басылымы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram