Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты (фото)

Жарияланған күні:

Геннадий Головкин
Фото: Original

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің соңғы кездері "егіздері" көптеп табылуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы Boxingmonthly.com сайты на сілтеме жасап хабарлайды.

Боксшыдан айнымайтындардың дені Қазақстан мен Ресейден табылып келген. Ал бүгінде Головкиннің "егізі" Қытайдан табылып отыр. 22 жастағы қазақ жігіті Бай Шан Бо (11-0-1) жартылай орташа салмақта Қытай атынан өнер көрсетеді. Кейбір спортсүйер қауым Бай Шанды Геннадийге ұқсатып жүр.

"Этникалық қазақ Қытайда туып өскен. 22 жастағы жігіт кәсіби деңгейге шығу үшін барын салуда", - деп жазған шетелдік сайт.

"Маған Головкиннің жекпе-жектегі стилі өте қатты ұнайды. Онымен бірге жаттығуды армандаймын. Ол мен үшін өте дарынды боксшы. Оның барлық жекпе-жектерін тамашалаймын", - дейді Бай Шан Бо. Боксшы Геннадиймен жолығып, бірге фотоға түсе алғанына шексіз бақытты.

Қытайлық боксшы да рингке қазақ шапанын киіп шығады. Мамандар спортшының болашағы зор екеніне сенімді.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)

Жер кодексіне жарияланған мораторий бес жылға ұзартылуы мүмкін

Мұхтар Құл-Мұхаммед елбасының есімін Елордаға беруді қолдауға шақырды

Стриптиз-шоу ұйымдастырған түнгі клуб қарағандылықтардың ашуын келтірді (видео +18)

Дәулет Тұрлыханов 91 тобы туралы: Бұл дауысқа менің қатысым жоқ (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1327096-golovkin-qytayda-ozininh-qazaq-egizim/