jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Альварес үшінші жекпе-жек өткізу үшін Головкинге шарт қойды

    : Facebook

    WBC мен WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге үшінші жекпе-жек өткізу үшін шарт қойды. Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    sports.kz
    Фото:sports.kz: Facebook

    Боксшылар екі рет кездесу өткізіп, осы жылдың қыркүйегінде өткен кездесулері Сауль Альварестің жеңісімен аяқталған болатын. Екі спортшы да үшінші кездесуді өткізуге дайын екендерін мәлімдеген еді. Алайда бұл жолы "Канело" Головкинге шарт қойды.

    Альварес Головкин DAZN-мен келісімшартқа отырса ғана үшінші жекпе-жек өткізетінін жеткізді. Себебі "Канело" соңғы бес жыл бойы DAZN-ға тәуелді болады.

    28 жастағы Альварес жақында DAZN-мен 11 жекпе-жек өткізуге және 365 миллион долларға келісімшартқа отырған.

    Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің промоутері қазақстандық боксшы DAZN және ESPN арналарынан ұсыныс алғанын хабарлаған болатын. Геннадий Головкин жыл соңына дейін таңдауын жасауға тиіс.

    Қазақстандық боксшы рингке 2019 жылдың көктемінде оралады.

    Альварес үшінші жекпе-жек өткізу үшін Головкинге шарт қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.