Отандасымыз Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін канадалық Стив Ролсске қарсы өткізетін болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бірнеше дереккөз хабарлаған және спортшының өзі де ақпаратты растаған деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Головкин келесі қарсыласының есімін атады Головкин келесі қарсыласының есімін атады](https://cdn.nur.kz/images/1120/07f3cdf40d4eb0a1.jpeg)
FOX Sports журналисті Майк Копинджердің Twitter-дегі жазбасына сүйенсек, Головкиннің келесі қарсыласы жеңіліп көрмеген канадалық боксшы.
"Геннадий Головкин DAZN-ғы алғашқы жекпе-жегін жеңіліп көрмеген Стив Роллспен 8 маусымда өткізбекші. Екінші қарсылас ретінде қарастырып отырған екінші боксшы Хассан Н'дам енді қарсылас бола алмайды. Жекпе-жек 165 фунт деңгейінде болады деп күтілуде. Роллс Торонтодан шыққан 35 жастағы боксшы. Ол ShoBox-та жарысып жүрген" , - деп жазды ол.
DAZN-мен жүргізуші ретінде серіктестігі бар Sport Illustrated тілшісі Крис Мэнникс те осы жайында хабарлады.
"Головкин мен Роллс маусымдағы жекпе-жек жайындағы келіссөздер жүргізуде деп хабарлады жағдайды білетін дереккөздер. Олардың ақпаратынша, Роллс барлық шарттармен келісті", - деп мәлімдеді Мэнникс әлеуметтік желіде.
Головкин мен Роллстың кездесуі 8 маусым күні GGG сүйікті орны— Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өтеді.
Жекпе-жекті стримингтік DAZN платформасы көрсететін болады. Қазақстандық спортшы онымен келісімшартқа отырған.
"Миллиардтық жоба" келісімшарты аясында отандық боксшы жылына екі, барлығы алты жекпе-жек өткізуі тиіс.
Геннадий Головкиннің сөзінше, ол өзінің рингке оралуына қатты қуанған.
"Боксты жақсы көремін. Менің Роллспен өткізетін жекпе-жегімді көретіндерге өзімді жақсы жағынан көрсетемін деп уәде етемін", - деп мәлімдеді спортшы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1789312-golovkin-kelesi-karsylasyny-esimin-atady/