jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін жекпе-жегінде жеңіліп қалды

    Дәурен Елеусінов рингте
    Фото: Азаттық рухы

    Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International чемпиондық титулы үшін болған жекпе-жекте жеңіліп қалды. Кездесу Мексикада өткен. Оған жергілікті боксшы Хуан Карлос Райгоса қарсы шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дәурен Елеусінов пен Хуан Карлос Райгосаның жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Sports.kz басылымының хабарлауынша, мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіп кеткен.

    Бұл 34 жастағы Дәурен Елеусіновтың кәсіби бокс мансабындағы алғашқы жеңілісі болып табылады. Бұған дейін ол сегіз жеңіске қол жеткізген. Олардың жетісінде боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберді. Отандық спортшының бір кездесуі тең есеппен аяқталды.

    Ал 30 жастағы Хуан Карлос Райгоса үшін бұл 16-жеңіс болған. Оған қоса, боксшының 15 жеңілісі мен тең есеппен аяқталған үш жекпе-жегі бар.

    Айта кету керек, бұл салмақ дәрежесінде қазақстандық Геннадий Головкин де өнер көрсетеді. Ол IBF пен IBO дәрежелері бойынша чемпиондық белбеудің иегері болып табылады. Алайда, WBC толыққанды титулы Джермалл Чарлоға тиесілі.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі боксшы Серік Сәпиевтің бала күтіміне байланысты демалысқа шыққаны жайлы хабарланған болатын. Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады.

    Кейіннен Олимпиада чемпионы, cпорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы демалысқа неліктен шыққанынын түсіндіріп, өзінің тұтқындалуы туралы тараған қауесеттерге жауап берді.

    Сәпиев демалысқа шығудың басты себебін төртінші қызының өмірге келуімен байланыстырды.

    Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін жекпе-жегінде жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.