jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді

    Казахстанский боксер Геннадий "GGG" Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Ethan Miller / Staff / Getty Images

    Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жекпе-жекті өз отанында өткізу мүмкіндігі жөнінде пікір білдірді.

    GGG кездесуді Қазақстанда өткізуге ниеті бар екенін атап өтті деп жазады Sports.kz. Бірақ, мұның да белгілі бір қыр-сыры бар.

    "Қазақстанда жұдырықтасуды қалаймын. Бірақ, қазір пандемия екенін, шекара жабық екенін түсінуіміз керек. Жалпы өзім бүкіл әлемде жұдырықтасуға әзірмін. Әрине, Қазақстанда кездесу өткізу керемет болар еді", - дейді боксшы.

    Айта кетейік, бұған дейін DAZN қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета арасындағы жекпе-жектің ресми постерін ұсынған еді.

    Айтулы кеш АҚШ-тың Флорида штатында 18 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 17:00-де басталады. Ал Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жекті Нұр-Cұлтан уақытымен шамамен 07:00-де көруге болады.

    Сонымен қатар Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсеткен болатын.

    Отандасымыздың жағажайда жаттығу жасаған сәтінен видеоны Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының Twitter парақшасы жария етті.

    Сонымен бірге танымал спорттық журналдың шолушылары келесі жылдың бірінші жартысында Головкин тағы бір кездесу өткізуі мүмкін екенін айтқан еді.

    Ол жекпе-жек өткізуі мүмкін боксшылардың арасында Сауль Альварес, Хайме Мунгиея, Билли Джо Сондерс, Дэниэл Джейкобс бар.

    Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.