jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин Шереметаны нокаутпен жеңіп, рекорд орнатты (видео)

    Геннадий Головкин
    Фото: Cliff Hawkins/Getty Images

    Бүгін, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты деп хабарлайды Sports.kz.

    Аталған байрақты жекпе-жек Голливудта өтті (АҚШ, Флорида штаты). Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

    Бірінші, екінші, төртінші және жетіншіде раундтарда, яғни 4 мәрте отандасымыз Шереметаны нокдаунға жіберді.

    Осылайша, Головкиннің қарсыласы сегізінші раундқа шығудан бас тартты.

    Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы 41-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBF және IBO белбеулерін сәтті қорғады. Камиль Шеремета кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

    Қазақстандық боксшы атағын 21 рет сәтті қорғап, аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Бұл жекпе-жекке дейін екеуі де чемпион мәртебесінде әрқайсысы бұл дивизионның рекорды саналатын 20 жеңісті жекпе-жек өткізген.

    Еске салсақ, "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің титулды жекпе-жегіне сәттілік тілеген болатын.

    Оған қоса, британдық БАҚ Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Шереметаның алдағы жекпе-жегіне жасаған болжамын баршаның назарына ұсынған еді.

    Головкин Шереметаны нокаутпен жеңіп, рекорд орнатты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.