Қазақстандық боксшы және орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметаны жеңгеніне байланысты мәлімдеме жасады.
Айтулы жекпе-жек бүгін таңертең АҚШ-та Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino-да өтті. Шаршы алаңдағы жұдырықтасу отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
Шереметаның командасы жетінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Қазақстандық боксшы өз қарсыласының кәсіпқойлығын баса атап өтті және оның табандылығына таңқалмағанын жеткізді. Поляк спортшысы төрт нокдауннан кейін шаршы алаңда аяққа тік тұра алды.
"Мен үшін бұл үлкен тосынсый болған жоқ, өйткені бұл жоғары деңгей. Камил Шеремета – керемет боксшы. Мен таңғалмадым. Мен тек өзімді өте жайлы сезінемін, өйткені ынтамен жұмыс істедім, себебі ол үшін ұзақ уақытым болды.
Қасымда мені қолдайтын жақсы адамдар көп. Мен өз командаммен мақтанамын", – деп келтіреді Sports.kz спорт басылымы Геннадийдің сөзін.
Оған қоса, Геннадий Головкин бұл жеңісін Қазақстан Тәуелсіздік күніне арнайтынын айтты.
"Қазақстан, сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мұның барлығы біздің Отанымыз үшін жасалып отыр. Бірге болсақ, күштіміз! Алға, Қазақстан",– деді отандасымыз.
Айта кеткен жөн, британдық БАҚ Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Шереметаның алдағы жекпе-жегіне жасаған болжамын баршаның назарына ұсынған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1889831-golovkin-seremetany-zegen-so-mlimdeme-zasady/