jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    ESPN телеарнасы Головкинді "ең үздік джеб" номинациясына ұсынды

    Головкин мен Альварес
    Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: sports.kz

    ESPN телеарнасының Тwitter парақшасы өз оқырмандарына қазіргі былғары қолғап шеберлері ішінен ең үздік джеб көрсеткен боксшыны таңдауды ұсынды деп хабарлайды Sports.kz.

    Бұл тізімге орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинде енген. Көптеген сарапшы мен әртүрлі елдің жанкүйерлері джебті Головкиннің басты қаруы санайды.

    39 жастағы қазақстандық өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Аталған жекпе-жекте Головкин жетінші раундта поляк Камил Шереметаны мерзімінен бұрын жеңді.

    Геннадий мамырда шаршы алаңға қайта оралып, мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуі керек еді. Алайда жанкүйерлер бұл кездесуді көре алмайтын болды. Енді GGG-дің ықтимал қарсыласы – жапон боксшысы Риота Мурату.

    Еске сала кетсек, бұған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялаған еді.

    Өткен аймен салыстырғанда рейтингте айтарлықтай өзгеріс бола қоймаған. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалған.

    BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингін мексикалық Сауль "Канело" Альварес бастап тұр.

    Айта кетейік, 8 сәуірде 39 жасқа толған Головкин балаларымен түскен суретті әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

    "Өзімді бақытты сезінемін. Қазіргі уақытта мен үшін маңызды нәрсенің жанымда. Туған күнім құтты болсын!" - деп жазды Головкин өзінің Twitter-дегі парақшасында.

    ESPN телеарнасы Головкинді "ең үздік джеб" номинациясына ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.