jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл соңы емес": Макгрегор Порьеден екінші рет жеңілген соң шулы мәлімдеме жасады (видео)

    Конор мәлімдеме жасады
    Фото: Instagram/ UFC Russia

    Бүгін Дастин Порьеден екінші рет жеңіліп қалған UFC шебері Конор Макгрегор шулы мәлімдеме жасады.

    Комментатор Джо Роган жекпе-жек соңында аяғын сындырып, Порьеден техникалық нокаутпен жеңілген Макгрегордан сұхбат алып үлгерген. Сұхбаттың бір үзіндісі Instagram желісіндегі UFC Russia парақшасында пайда болды.

    "Мен бокста оның тас-талқанын шығардым, аяғын жаныштадым. Ол әдеттегідей ара-қашықтықты қысқарту үшін аяққа секірді. Бұл соңы емес! Егер қажет болса, октагонның сыртында аяқтаймыз! Маған бәрібір!",- деп айқайлады Макгрегор.

    Ол құлаған сәтте не сезінгенін де айтты.

    "Сүйегім сынып кетті. Мен Андерсен Силва (UFC-дің аты аңызға айналған шебері- ред) сияқты дәл сол аяғыма тұрдым. Бұл таңғаларлық бизнес",- деді Макгрегор.

    Еске салайық, бүгін, 11 шілде күні Лас-Вегаста UFC 264 турнирі өтті. Оның басты оқиғасы Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы үшінші жекпе-жек болды.

    Бірінші раундта Порье тейкдаун жасап, қарсыласын партерде ұстау арқылы алға шықты. Раундтың соңына бірнеше секунд қалғанда Конор сүрініп кетіп, аяғын сындырып алды. Осылайша, Порье техникалық нокаутпен жеңді.

    Бұл америкалықтың мансабындағы 28- жеңісі. Оның қоржынында алты жеңіліс бар. Ал ирландиялық алтыншы жеңілісіне ұшырады, бірақ оның жеңісі аз, тек 22.

    "Бұл соңы емес": Макгрегор Порьеден екінші рет жеңілген соң шулы мәлімдеме жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.