Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Боксшылар алтынсыз қалды": Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Боксер Сакен Бибосынов
Сакен Бибосынов - Галал Яфай. Фото: Photo by Adam Davy/PA Images via Getty Images

Бокстан 52 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте Сәкен Бибосынов Ұлыбритания өкілі Джалал Яфаимен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы раундында қарсыластың екпіні қатты болып, Сәкен нокдаун алып қалды. Тап осы сәт бүкіл кездесудің тағдырын шешкені рас.

Себебі, қалған екі раундта Бибосынов қаншама соққысын дарытып, алға ұмтылғанымен, төрешілердің түпкі нәтижесінде Яфаи жеңімпаз атанды.

Кездесу соңында Сәкен Бибосынов көз жасын жасыра алған жоқ. Себебі, ол финалға шығады деп үміт артқан Қазақстан командасындағы соңғы боксшы еді.

Токио Олимпиадасының жартылай финалына Қазақстан сапынан екі боксшы ғана жетті. Кеше Қамшыбек Қоңқабаев америкалық қарсыласына есе жіберіп, қола жүлде иеленген. Бүгін Сәкен Бибосынов та жеңісті тартып ала алмады.

Осылайша, қазақстандық боксшылар тәуелсіздік алғалы бері тұңғыш рет жазғы Олимпиада ойындарында алтынсыз қалды.

Бұған дейін Атланта Олимпиадасында Василий Жиров, Сидней Олимпиадасында Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов, Афиныда Бақтияр Артаев, Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев, Лондонда Серік Сәпиев, Риода Данияр Елеусіновтер бокстан чемпион атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1925679-bokssylar-altynsyz-qaldy-saken-bibosynov-tokio-olimpiadasynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel