Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күнді атады

Жарияланған күні:

Геннадий Головкин
Фото: Ethan Miller/Getty Images

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осы салмақта WBA Super титулын иеленген жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге келіскен. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

ESPN инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, жекпе-жек 28 желтоқсанда Жапонияның Коба қаласында өтеді деп жоспарланған.

Дегенмен боксшылар кездесуді өткізу үшін DAZN стримингтік сервисінен рұқсат алу керек.

Boxingnews24.com америкалық сайтындағы авторлардың бірі Аллан Фокс DAZN басшылығы жекпе-жекке рұқсат беретініне күмәнмен қарайды.

"DAZN жекпе-жекке келіседі деген сенім жоқ, өйткені айтарлықтай жаңа көрермен жинай алмауы мүмкін.

Егер DAZN Головкин мен Мурата арасындағы кездесуді өткізбей қойса, таңғалуға болмайды. Себебі олардың платформасында өткен GGG-дің үш кездесуі аса қызықты болмады. Муратамен кездесуі төртінші жекпе-жек болмақ.

Мен DAZN-ның орнында болсам Головкин мен Муратаның жекпе-жегін өткізбес едім. Бұл бокс кеші DAZN-да көрсетуге лайық емес және ол Головкиннің әлсіз қарсыласпен жұдырықтасатынын тағы бір дәлелі болмақ", - дейді Фокс.

Сондай-ақ, ол Муратаны неліктен әлсіз чемпион деп есептейтінін түсіндірді.

"35 жастағы Риота Мурата WBA Super титулын иеленсе де, ол Хассан Н’Дам мен Роб Брант сынды боксшылардан жеңілген. Ол кездесулерде керісінше Мурата жеңуі керек еді, алайда ол екі жігіттен де жеңіліп қалды.

2019 жылдың шілдесінде Мурата Бранттан жеңілгені үшін есесін қайтарса да, америкалықтың оны бірінші кездесуде жеңіске жеткені ұялтады", - дейді Аллан Фокс.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің бұған дейінгі кездесуі 2020 жылдың желтоқсан айында өткен еді. Сол кезде отандасымыз поляк боксшысы Камил Шереметаны нокаутқа жіберген болатын.

Ал Риота Мурата соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығып, канадалық Стивен Батлерді мерзімінен бұрын жеңген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1933529-baq-golovkinnin-kelesi-zekpe-zegi-otetin-kundi-atady/