Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында бүгін тағы екі қазақстандық алтын медаль үшін бақ сынасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
51 келіге дейін салмақтағы отандасымыз Сәкен Бибосынов америкалық Роскоу Хиллмен кездессе, 57 келіде Серік Теміржанов америкалық Джамал Харвимен жұдырық түйістіреді.
Әлем чемпионатының тікелей эфирі түнгі сағат 23:00-де басталады. Қос боксшымыздың жекпе-жегін Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
Еске сала кетсек, 5 қарашада өткен финалда 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов таиландтық Вуттичай Юрачайды ұтып, әлем чемпионы атанды.
Ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Одан бөлек, финалда 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырханжапондық Тамоя Цубойға есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.
Сондай-ақ, жартылай финалға жеткен 67 келі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов жапониялық Севонрец Окадзавадан ұпай санымен ұтылған еді. Осылайша, Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940894-bokstan-alem-cempionaty-bugin-bibosynov-pen-temirzanov-altyn-medalga-talasady/