jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек кейінге қалды: Отандасымыз пікір білдірді

    GGG
    Фото: Instagram/gggboxing

    IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратамен өтуі тиіс жекпе-жектің кейінге қалуына байланысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы отандасымыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Жапониядағы жекпе-жектің кейінге қалдырылғанына қатты қынжылып отырмын. Алайда адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында болуы керек. Мен шаршы алаңға мүмкіндігінше тезірек оралатын уақытты тағатсыздана күтетін боламын. Өздеріңізді күтіңіздер", - деді Генадий Головкин.

    Айта кетейік, осыған дейін ESPN инсайдері Майк Коппинджер орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлаған еді.

    Оның мәліметінше, бұған коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты Жапония шекарасының жабылуы себеп болып отыр.

    Осылайша, WBA Super, IBF және IBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек кейінге қалған.

    Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек кейінге қалды: Отандасымыз пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.