Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Мурата алғаш рет бетпе-бет кездесті (фото)

Опубликовано:

Головкин-Мурата
Геннадий Головкин мен Риота Мурата. Фото: efight.jp

Қазақстанық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық боксшы Риота Мурата жекпе-жек алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның жазуынша, Головкин мен Мурата 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super Arena кешенінде өтетін жекпе-жегінің алдында баспасөз конфренциясын өткізіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген.

Бір үстел басында отырған GGG мен Муратаның суреттері Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшаларда жарияланды. Фотоларға қарап, журналистердің көптеп жиналғанын байқауға болады.

Осы ретте, Риота Мурата Головкинмен жұдырық түйістіру - тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.

"Головкинмен кездесіп, жекпе-жекті Жапонияда өткізу - бұл тамаша мүмкіндік. Бұған ат салысқан (жекпе-жектің өтуіне -ред.) адамдардың бәріне алғыс айтқым келеді. Осындай қиын жағдайда біз белгілі бір шарттарды орындамай, бұл кездесуді өткізе алмас едік. Сондықтан аренаға келіп, тамаша жекпе-жектің куәсі болыңыздар", - дейді жапониялық боксшы.

Еске сала кетсек, Головкин-Мурата кездесуінде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

Тартысты жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен 9 сәуір күні сағат 15:00-де көруге болады.

Сондай-ақ отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1963926-golovkin-men-murata-algas-ret-betpe-bet-kezdesti-foto/

pixel