jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин-Мурата жекпе-жегін қай қазақстандық телеарна көрсететіні белгілі болды

    Геннадий Головкин
    Фото: Ethan Miller/Getty Images

    9 сәуірде қазақстандық Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Ұлттық арна ресми сайтында.

    Телеарнаның мәліметінше, кәсіпқой бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.

    Сондай-ақ көрермендер кездесуді qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай алады.

    Айта кетейік, жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

    Отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда).

    Еске сала кетсек, бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесу үшін шамамен қанша гонорар алатыны белгілі болған еді.

    Алдын ала болжам бойынша отандасымыз бұл жекпе-жек үшін 12,3 млн доллар, ал Риота Мурата 4,1 млн доллар гонорар алуы мүмкін.

    Головкин-Мурата жекпе-жегін қай қазақстандық телеарна көрсететіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.