
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзін туған күнімен құттықтаған мемлекет басшысына алғысын білдірді, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің ресми Telegram арнасы "Борт №1".
"Қасым-Жомарт Кемелұлы, ізгі тілектеріңіз бен ықыласыңызға үлкен рахмет", - деп жазды спортшы өзінің Twitter парақшасында.
Оған қоса Головкин Қазақстан намысын қорғау өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтты.
"Қолдау білдірген сізге және барша Қазақстан халқына рахмет", - деді ол өз жазбасында.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер жасағанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964148-gennadii-golovkin-ozin-quttyqtagan-toqaevqa-zauap-berdi/