jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылымның Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап жазуынша, кездесу 21 мамыр күні өтеді деп жоспарлануда. Дегенмен жекпе-жектің өтетін жері белгісіз.

    Боксшылар WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

    Осы ретте Жәнібек Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, әлем чемпионы белбеуінің иегері атанатын күн алыс емес екенін жазды.

    "Бұйырса әлем чемпионы белбеуін елге алып қайтамыз! Ол күнге де санаулы ай қалды! Жоспар көп, мақсат айқын! Бірлік бар жерде тірлік бар!", - дейді ол.

    Айта кетейік, бұған дейін боксшының менеджері Берік Сұлтан Жәнібекке WBO жаңа қарсылас тағайындағанын, ол британиялық Дэнни Дигнум екенін мәлімдеген еді.

    Дэнни Дигнумге келсек, ол кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпан айында шығып, отандасы Грант Деннисті техникалық нокаутпен жеңген.

    Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысы Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездесіп, сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жәнібек бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

    Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.