Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіссөздер жүріп жатыр": Атақты Василий Жиров рингке қайта оралуы мүмкін

Опубликовано:

боксшы
Василий Жиров. Фото: instagram/vasiliy_zhirov

Бокстан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы әрі алғашқы кәсіпқой боксшы Василий Жиров алдағы уақытта шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sports.ru.

"Қазіргі уақытта Джеймс Тонимен жекпе-жек туралы келіссөздер жүріп жатыр. Кездесу өтеді деген үміттемін. Болмаса, басқа боксшымен жұдырықтасамын", - дейді "Балқаш барысы".

Айта кетейік, Василий Жиров 1974 жылы 4 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген.

Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Баркер кубогының иегері, Парасат орденінің кавалері.

Василий Жиров 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.

Отандасымыз ІBF версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2000).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1965660-kelissozder-zurip-zatyr-ataqty-vasilii-zirov-ringke-qaita-oraluy-mumkin/

pixel