
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум 21 мамырда Лас-Вгаста өтетін кәсіби бокс кешінің жұлдызы - ешқашан жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы болатынын хабарлады, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол британиялық Дэнни Дигнуммен орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Арум Жәнібекке үлкен үміт артатынын атап өтті.
"Сенбі күні кешке әдемі Resorts World Las Vegas-та қазақстандық келесі супержұлдыз Жәнібек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы титулы үшін Дэнни Дигнуммен кездеседі.
Бұл ESPN және ESPN+ арналарында көрсетілетін нағыз керемет кездесу болмақ",- деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Еске сала кетсек, отандасымыздың АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жегі "Хабар" телеарнасының тікелей эфирнінен 22 мамыр күні сағат 08:00-де көрсетіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1969621-bob-arum-qazaqstannyn-bokstan-kelesi-zuldyzyn-atady/