jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық үздік боксшылардың рейтингі жаңарды

    Генадий
    Фото: Instagram/gggboxing

    Boxrec.com сайты үздік қазақстандық боксшылар рейтингін жаңартты. Тізімді Геннадий Головкин бастап тұр, деп жазады Sports.kz.

    Сәуір айымен салыстырғанда, мамырда үздік ондықта айтарлықтай өзгеріс болмады.

    Үздік үш былғары қолғап шеберінің есімі сол қалпы.

    Руслан Мәдиев алтыншы орынға көтерілсе, Данияр Елеусінов жетінші сатыға түскен.

    Ал Бекман Сойлыбаев оныншы позициядан сегізге көтерілсе, Әли Ахмедов сегізінші орыннан оныншы сатыға сырғыған.

    Жақында ғана қарсыласынан мерзімінен бұрын ұтқан Жан Кособуцкий тоғызыншы орынға тұрақтады.

    Үздік ондық төмендегідей:

    1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО)
    2. Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО)
    3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО)
    4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО)
    5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО)
    6. Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО)
    7. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО)
    8. Бекман Сойлыбаев ( 13-1, 5 КО)
    9. Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО)
    10. Әли Ахмедов (18-1, 14 КО).

    Қазақстандық үздік боксшылардың рейтингі жаңарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.