21 тамызға қараған түні ағылшындық Энтони Джошуа мен украиналық Александр Усик арасындағы қарымта кездесу өтеді. Бүгін екі боксшы өткізген ашық жаттығу кезінде Джошуа қарсыласын нокаутқа жіберетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Аса ауыр салмақтағы боксшылар арасындағы жекпе-жек Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтеді.
"Иншаллах, мен нокаут үшін келдім", - деді Энтони өз сөзінде.
Айта кетелік, бұдан бірнеше жыл бұрын Энтони Джоушаның Дубайдағы мешіттердің бірінде намаз оқып отырған суреті пайда болды. Алайда боксшы өзінің бұл қадамын досын қолдауға барғанымен түсіндірген.
"Менің жақын досым мұсылман дінінде. Сондықтан, онымен бірге мешітке барғаным рас. Мен бұл суретті өзім үлгі тұтатын Мұхаммед Әлидің құрметіне салдым", - деген болатын.
Кейін әлеуметтік желіде Джошуаның ұшақ қонар кезде "Бисмиллях" деп айтқан видеосы тарады.
Ал бүгінгі жаттығу кезінде ол "Иншаллах" деп айтуы арқылы жанкүйерлерін тағы да ойландырып қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1983640-aigili-agylsyndyq-bokssy-entoni-dzosuanyn-islam-dinin-qabyldagany-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.