Бүгін Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді. Ақтық сында Қазақстан ұлттық құрамасының 9 боксшысы сынға түседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тоғыз қазақстандық боксшының бесеуі Өзбекстан өкілдеріне қарсы шықпақ. Жалпы алғанда, Қазақсан командасы финалға шыққан спортшылар саны жөнінен көш бастап тұр. Екінші орында - 7 боксшысы ақтық сынға шыққан Өзбекстан құрамасы.
Бүгін финалда бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың қарсыластары.
48 келі: Санжар Тәшкенбай - Аратаке Кадзума (Жапония)
51 келі: Сәкен Бибосынов - Хасанбай Досматов (Өзбекстан)
54 келі: Махмұд Сабырхан - Карло Паалам (Филиппин)
57 келі: Серік Теміржанов - Абдумәлік Халоков (Өзбекстан)
67 келі: Дулат Бекбауов - Бунджонг Синсири (Таиланд)
71 келі: Асланбек Шымбергенов - Зеяд Ишайш (Иордания)
75 келі: Нұрқанат Райыс - Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан)
92 келі: Айбек Оралбай - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан)
Кездесулер Астана уақытымен сағат 16.00-де басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996861-bokstan-aziya-cempionaty-bugin-9-qazaq-bokssysy-finalda-aiqasady-tikelei-korsetilim/