jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Халықаралық бокс федерациясы әлемдік рейтингті жариялады

    Әли Ахмедов
    Әли Ахмедов. Фото: Sarah Stier/Getty Images

    Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

    Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орында өзгеріссіз қалды. Рейтингтің көшбасшысы - британдық Уильям Скалл, екінші орын бос, үшінші орында - американдық Калеб Плант. Бұл дивизиондағы талассыз әлем чемпионы - мексикалық Сауль "Канело" Альварес.

    Геннадий Головкин әлем чемпионы атанған орта салмақта үздік үштікте өзгерістер бар. Мексикалық Хайме Мунгуия үздік 15-тіктен шығып, үшінші орынға итальяндық боксшы Винченцо Гуальтиери жайғасты. Бірінші қатар бразилиялық Эскива Фалькао, екінші қатар австралиялық Майкл Зерафаға тиесілі. Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстанның тағы бір өкілі Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді.

    Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек бір орын төмен сырғып, 14-қатарға тұрақтады. Әлем чемпионы – тәжікстандық Шавкат Рахимов, ал үшінші орында уэльстік Джозеф Кордина.

    Халықаралық бокс федерациясы әлемдік рейтингті жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.