Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусінов бокстағы барлық жүлдесін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Белгілі боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен спорттағы барлық жүлдесін көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Данияр Елеусінов Instagram stories-те жариялады.

Кадрдан былғары қолғап шеберінің Әлем чемпионатындағы, Олимпиададағы, ірі турнирлердегі медальдарын және кәсіпқой бокстағы екі титулын көруге болады.

жүлделер мен титулдар
Скриншот: Данияр Елеусіновтің Instagram парақшасы/Instagram stories

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы айқасын өткен жылы 18 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізген. Оның қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леао болды.

Данияр Елеусінов жекпе-жекті өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Жалпы барлық раундта Елеусінов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2001681-daniyar-eleusinov-bokstagy-barlyq-zuldesin-korsetti-foto/

pixel