Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия біріншілігі: Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есепте нешінші орын алды

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында. Амман, 10 қараша 2022 жыл
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокте 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде Қазақстанның ерлер құрамасы он бір медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, үшеуі күміс және бесеуі қола.

Ал көш басындағы Өзбекстан құрамасы тоғыз алтын жүлдені еншіледі.

Үздік үштікті бір "алтын", бір "күміс" және екі "қоласы" бар Филиппин қорытындылады.

Жалпыкомандалық есеп:

  1. Өзбекстан — 9-1-1,
  2. Қазақстан — 3-3-5,
  3. Филиппин — 1-1-2,
  4. Таиланд — 0-3-1,
  5. Қытай — 0-2-1,
  6. Моңғолия — 0-1-2,
  7. Индонезия — 0-1-1,
  8. Камбоджа — 0-1-1,
  9. Қырғызстан — 0-0-7,
  10. Тәжікстан — 0-0-3,
  11. Малайзия және Непал — 0-0-1.

Айта кетейік, 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) және Сабырхан Махмұд (57 келі) финалда қарсыластарына есе жібермей, алтын медаль жеңіп алды.

Өкінішке қарай, үш боксшымыз Өзбекстан құрамасының өкілдеріне жол берді. Алдымен 67 келідегі Абзал Серік Бекзод Хамидовтен ұтылса, кейін Сабыржан Аққалықов (71 келі) Нурислом Исмоиловтан айла асыра алмады. Сонымен қатар 75 келідегі Диас Молжігітов те өзбекстандық боксшы Алохон Абдуллаевтан жеңілді.

Ал Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Ерхат Бекзат (92 келі) және Аманат Сабырғали (92 келіде жоғары) турнирдің "қоласын" қанағат тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2006928-bokstan-aziya-birinsiligi-qazaqstannyn-erler-quramasy-zalpykomandalyq-esepte-nesinsi-oryn-aldy/

pixel