Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиланд төрінде атой салған қазақстандық боксшылар елге оралды (фото)

Жарияланған күні:

Былғары қолғап шебері
Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтан тікелей рейспен Қазақстанға оралды. Отандық шаршы алаң шеберлері 18-26 қаңтар күндері Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.

Сары құрлық бəсекесінің жүлдегерлерін əуежайдан Қазақстан бокс федерациясының өкілдері, туыстары, достары, журналистер мен жанкүйерлер күтіп алды.

Олар кездесуге түрлі плакаттар дайындап алып келді. Патриоттық əндер шырқап, шашу шашып тосынсый жасады.

"Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Ұзақ уақыт жолда болып, жарыстан шаршаған боксшылардың көңіл-күйі көтеріліп қалды. Біз халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі көп жұмыс бар. Əуелі халықтың, сосын мемлекет пен федерация қолдауының арқасында отандасымызды тағы қуантамыз, деп сенемін", - Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Сонымен қатар жастар арасындағы Азия біріншілігінің жеңімпазы Махмұд Сабырхан да жанкүйерлерге алғысын білдірді.

"Бізді қолдаған барлық жанкүйерге зор алғыс айтамын. Біз үшін уайымдап, жеңіс тілегендеріңізді жақсы білеміз. Бангкоктағы додаға келетін болсақ, мен ол жерде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түстім. Бұл олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Енді ауысқандықтан қиындау болды. Соған қарамастан жақсы нəтиже көрсеттім, деп ойлаймын. Мақсат баяғыдай - Олимпиада алтынын жеңіп алу", - деді Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Махмұд Сабырхан.

бокс
Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2007172-tailand-torinde-atoi-salgan-qazaqstandyq-bokssylar-elge-oraldy-foto/