jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық боксшы Венгриядағы турнирде әлем чемпионынан жеңіліп, жүлдесіз қалды

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай: kfb.kz

    Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде Қазақстан ерлер құрамасының бір өкілі жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Sports.kz.

    Байрақты бәсекеде 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай ширек финалда Украина өкілі Александр Хижнякпен жұдырықтасып, қарсыласына есе жіберді.

    Осылайша, отандық боксшы Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде жүлдеге бір табан қалғанда жарыс жолынан шығып қалды.

    Айта кетейік, Нұрбек Оралбайдан басым түскен Александр Хижняк атақты боксшының бірі. Ол - Токио Олимпиадасының жүлдегері және бокстан 2017 жылы Гамбург қаласында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы.

    Қазақстандық боксшы Венгриядағы турнирде әлем чемпионынан жеңіліп, жүлдесіз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.