jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Мені құрамадан шығармақ болды": Сәпиев ең қиын сәтте өзіне кімнің араша түскенін айтты

    Серік Сәпиев сұхбат беруде
    Серік Сәпиев. Фото: Qazaq Ring

    Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев спорттық мансабындағы әділетсіздіктер туралы сөз қозғады. Бұл туралы боксшы QAZAQ RING жобасына берген сұхбатында мәлімдеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "2010 жылы Астанада өткен Қазақстан чемпионатында мен үшінші орын алып қалдым. Содан соң мені ұлттық құрамадан шығару туралы мәселе көтерілді. Сол кезде Мырзағали аға (Айтжанов - ред.) мені жақтап: "Ол әлі нәтиже көрсетеді", - деп тұрып алды. Ол ұлттық құраманың бас бапкері болып енді тағайындалған еді. Менің әлеуетімді бірден байқады. "Маған команда керек", - деді. Жарты жыл өткен соң, мен өзім жеңілген боксшыдан есе қайтардым. Кейінгі нәтижені білесіздер, мен Олимпиада чемпионы атандым", - деді Сәпиев.

    Сонымен қатар боксшы өз мансабында төрешілерден қысым көрген кезін еске алды.

    "2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында төрешілер қысым көрсетті", - деді ол.

    Естеріңізде болса, аталған Олимпиадада Сәпиев таиландтық Манус Бунжамонгтан ұтылған еді.

    Айта кетелік, 2010 жылғы Қазақстан біріншілігінде Серік Сәпиев қызылордалық Рустам Сыбаевқа есе жіберген болатын.

    Серік Сәпиев бокстан екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), әлем чемпионаттарының күміс (2011) және қола (2009) жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы (2014), Олимпиада чемпионы (2012) және Вэлл Баркер кубогінің иегері.

    Ол қазақ боксшылары үшін құтты салмақ саналатын 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

    "Мені құрамадан шығармақ болды": Сәпиев ең қиын сәтте өзіне кімнің араша түскенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.