jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Странджа" турнирі: Төртінші қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

    Кенже Мұратұлы рингке беттеуде
    Кенже Мұратұлы. Скриншот: Трансляция

    Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионаты саналатын "Странджа" турнирі өтіп жатыр. Қазіргі таңда төрт қазақстандық боксшы жарысты аяқтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін шаршы алаңға шыққан Кенже Мұратұлы ширек финалға шыға алмады. 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Бишвамитр Чонгтхаммен кездескен ол 0:5 есебімен жол берді.

    Осылайша, ол Ертуған Зейнуллинов, Бекзат Алдамжаров және Ерасыл Таңқайдың қатарына қосылып, жарыстан жүлдесіз қалды.

    Ал 57 келідегі Оразбек Асылқұлов ширек финалға жолдама алды. Ол бразилиялық Луис Олейвейраны ұтты.

    Еске сала кетейік, бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Бекзад Нұрдәулетов те рингке көтеріледі.

    "Странджа" турнирі: Төртінші қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.