Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі боксшы құны 300 мың доллардан асатын қымбат әшекейлері ұрланғанын айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Теренс Кроуфорд
Теренс Кроуфорд. Фото: instagram/tbudcrawford

Орта салмақтағы WBO чемпионы Теренс Кроуфорд үйіндегі қымбат әшекей заттары мен сағаттары жоғалғанын айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды Allboxing сайтына сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

Үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы әрқайсысы 100 мың доллар тұратын екі қымбат сағатынан және өзінің аты-жөні жазылған алтын әшекейлерінен айырылып қалғанын айтқан.

Ұрлық 17-20 наурыз аралығында болған. Ұрланған заттардың жалпы құны 317 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Кроуфод қылмыскерлер туралы ақпарат берген адамға 100 мың доллар сыйақы беруге дайын екенін де жеткізді.

Айта кетелік, 35 жастағы Кроуфорд былтырғы желтоқсанда өз атағын алтыншы рет қорғаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014795-aigili-bokssy-quny-300-myn-dollardan-asatyn-qymbat-asekeileri-urlanganyn-aityp-dabyl-qaqty/