jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бізде бокстасу үшін таныс керек": қазақстандық боксшы қыз АҚШ-қа кетуінің себебін түсіндірді

    Аида Сатыбалдинова
    Аида Сатыбалдинова. Фото: instagram.com/lady_sparta

    Қазақстандық кәсіби боксшы Аида Сатыбалдинова Отанын тастап, неліктен Америкаға кеткенін мәлімдеді. Спортшының айтуынша, ол өз елінде кәсіби тұрғыдан өсе алмайтынын білген, деп жазады Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "2017 жылғы Қазақстан чемпионатынан кейін кетемін деп шешім қабылдадым. Сол кезде өз елімде маған жарық жоқ екенін түсіндім. Бұған дейінгі бір жылда Қазақстанда бірнәрсе болуы мүмкін деген үміт бар еді. Алайда 2017 жылы мен кету туралы нақты мақсат қойдым. 2017 жылдың 17 қарашасында елден кеттім.

    Кеткен кезімді жақсы білемін және сол күнді ұмытпаймын. Мені сіңлім мен достарым шығарып салды. Туыстарым да мұны бірқалыпты қабылдады. Олар менің мінезімді білетін және бір шешім қабылдасам, райымнан қайтару бос іс екенін түсінетін.

    Олар маған сәттілік тілеп, Қазақстанда маған айтарлықтай жол жоқ екенін түсінді. Өйткені қазақстандық бокста көп көз жасы мен түңілу ғана болған. Мен үшін беделді саналатын ағам Қазақстанда әуесқой бокспен шұғылдануыма қарсы болды. Ол біздің елде бокстасу үшін таныс керектігін түсінді. Ал менде ондай жоқ, қарапайым отбасынанмын.

    АҚШ-қа бару үшін ақша керек. Сол үшін мен таңғы жетіден кешкі онға дейін үш жерде жұмыс істедім. Автобусқа кейде кешігіп қалсам, жаяу қайтатынмын", - деп жазды Аида.

    "Бізде бокстасу үшін таныс керек": қазақстандық боксшы қыз АҚШ-қа кетуінің себебін түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.