jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатында жүлдегер атанған отандық боксшының келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

    Әбілхан Аманқұл
    Әбілхан Аманқұл рингке келе жатыр. Фото: Suleimen Promotions/Ed Mulholland/Matchroom

    Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі 15 сәуірде өтеді. Оның қарсыласы да белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Suleimen Promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Ресми: Suleimen Promotions боксшысы Әбілхан Аманқұл 15 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штаты, Помона қаласында сегіз раундтық жекпе-жек өткізеді.

    Оның қарсыласы мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО) болмақ", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл 1997 жылы 14 шілдеде Жамбыл облысында өмірге келген. Ол - әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар боксшы Азия біріншілігінде үшінші орыннан көрінген.

    Әбілхан кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін Мексика астанасы Мехикода өткізіп, жергілікті Йеассон Сервантесті нокаутқа түсірді.

    Әлем чемпионатында жүлдегер атанған отандық боксшының келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.