WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы болашағына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жәнібек Әлімханұлы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында чемпиондар мен бокс жұлдыздары жекпе-жектен қашып жүр деп сынап, жазба қалдырды.
Бұған оқырманның бірі пікір білдіріп, себебін атап өтті.
"Сені ешкім танымайды. GGG-де "мексикалық стиль" "қазақ стиліне" қарағанда көп ақша алып келеді деп шешім қабылдағанша, сол қайықта болды", - деді желі қолданушысы.
"Мен бар болғаны 13 жекпе-жек өткіздім, соның өзінде әлем чемпионымын. Менің сөзім есіңізде болсын, Алла қаласа, жақында өте танымал боксшы атанамын", - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды.
Жәнібектің келесі қарсыласы кәсіпқой рингте 32 жекпе-жек өткізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016313-zanibek-alimxanuly-bolasagyna-bailanysty-malimdeme-zasady/