Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлімханұлынан жеңілген боксшы чемпиондық жекпе-жекте қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

боксшы
Әлімханұлы мен Бентли. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

Британиялық боксшы Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) Лондонда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бентли мен отандасы Киран Смит (18-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жекте орта салмақтағы Британиялық бокс бақылау кеңесінің (BBBofC) чемпиондық белбеуі сарапқа салынды.

Кездесу он екі раундқа жоспарланған болатын, алайда Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы қарсыласы Смитті 45 секундта нокауқта түсірді.

Осылайша, Дензел Бентли кәсіпқой рингтегі он сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, белбеуін сәтті қорғады. Ал Киран Смит мансабында екінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Еске сала кетейік, Бентли бұған дейінгі жекпе-жегінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен ұтылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016911-alimxanulynan-zenilgen-bokssy-cempiondyq-zekpe-zekte-qarsylasyn-45-sekundta-nokautqa-tusirdi-video/