Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегі жылдам нокаутпен аяқталды (видео)

Опубликовано:

Әбілхан Аманқұл
Әбілхан Аманқұл жекпе-жектен соң. Фото: Instagram/Suleimen Promotions

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

АҚШ-тың Калифорния штаты, Помона қаласында өткен бокс кешінде отандық былғары қолғап шебері Мексика өкілі Даниэль Эчеверриамен жұдырықтасты.

Екінші орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әбілхан Аманқұл қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Даниэль Эчеверриа мансабында он екінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл 1997 жылы 14 шілдеде Жамбыл облысында өмірге келген. Ол - әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар боксшы Азия біріншілігінде үшінші орыннан көрінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016924-abilxan-amanquldyn-kasipqoi-bokstagy-usinsi-zekpe-zegi-zyldam-nokautpen-ayaqtaldy-video/