Спорт

Зектілері

"Аздаған мәселе бар": Садриддин Ахмедов рингке жиі шықпауының себебін айтты

Жарияланған күні:

Садриддин Ахмедов
Фото: instagram.com/sadriddin_____soq

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов YouTube желісіндегі QAZAQ RING бағдарламасында алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жаттығуды тоқтатқан емеспін. Кейбіреулер мансабын аяқтады деп ойлайды, алайда олай емес. Жаттығып жүрмін. Қазіргі уақытта визаға қатысты аздаған мәселе бар. Жақын уақытта визаға қатысты мәселе шешіліп, содан кейін шетел асып, еліміздің намысын қорғайтын боламын", - деді боксшы.

Оның сөзінше, Канадағы промоутерлік компаниямен әлі де болса келісімшарты бар. Сонымен қатар Садриддин Ахмедов АҚШ-та шаршы алаңға шыққысы келетінін, алайда виза алу процесі созылып кеткенін жеткізді.

Былғары қолғап шебері бұл мәселе күзге дейін шешіліп қалады деп санайды.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедовтің соңғы жекпе-жегі өткен жылы 24 желтоқсанда Алматы қаласында өтті. Боксшы Оңтүстік Африка өкілі Нкулулеко Мхлонгомен жұдырықтасып, қарсыласын жылдам нокаутқа түсірді.

Бұл кездесуге дейін Садриддин екі жылдай уақыт шаршы алаңға көтерілген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2017313-azdagan-masele-bar-sadriddin-axmedov-ringke-zii-syqpauynyn-sebebin-aitty/