Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол енді ән айтпайды": "Кешью" тобының мүшесіне үйленген отандық боксшы әйеліне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Садриддин Ахмедов пен Ақбота Құрманғали той үстінде
Садриддин Ахмедов пен Ақбота Құрманғали. Фото: instagram/qazaq_global_promotion

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов бұрын "Кешью" тобында ән салған жұбайы Ақбота Құрманғалидің өнер жолындағы мансабы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Ring жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кәсіби бокстан келешегі зор спортшы саналатын Садриддин әйелі Ақботамен бірге екі бала тәрбиелеп отыр.

Боксшының айтуынша, ол үйінде бірінші нөмір саналады.

"Әрине, еркек үйде бірінші нөмір болуы керек. Әйелдің бірінші нөмір болуы мұсылманға жат нәрсе. Өнер жолы немесе басқа жағынан асып тұрса да, әйел бір саты төмен тұруы қажет. Шетелде жүргенде менімен бірге тұрып, қандай қиындықтардан өтетінімізді көрді. Әйелің сенің спорттағы жағдайыңды түсіне білсе - бұл да керемет деп ойлаймын. Сен қайда жүрсең, соны түсіну қажет. Кейбір бауырларымыздың әйелдері бокстан мүлде бейхабар болып жатады. Ал жұбайым қарсыластарымның барлығын біледі. Қазір ән айтпайды. Карьерасын аяқтады. Ұлым Әбубәкір 2 жасқа келді, үш айлық қызыма Хадия деген есім қойдық", - деді Ахмедов.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Ақбота Құрманғалимен 2019 жылы шаңырақ құрған болатын.

Садриддин бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы. Ересектер құрамында бір жылдай өнер көрсетіп, кейін кәсіби боксқа ауысқан.

Кәсіби бокста 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2017570-ol-endi-an-aitpaidy-kesyu-tobynyn-musesine-uilengen-otandyq-bokssy-aieline-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel