Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш алтын": белгілі бапкер бокстан Ташкентте өтетін әлем біріншілігіне болжам жасады

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан шаршы алаңда. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов Ташкентте өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы қанша медаль алуы мүмкін екенін болжады, деп жазады Sports.kz.

"Нәтиже жақсы болады деп ойлаймын. Себебі жігіттер бабында, тәжірибелері де жетеді. Менің ойымша, қазіргі әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен 54 келіге дейінгі салмақтағы дарынды боксшымыз Махмұд Сабырхан алтын медаль алуы керек. Жалпы, әлем чемпионатына болжам жасайтын болсам, ел құрамасы 3 "алтын", "күміс" және "қола" медаль алуы мүмкін, - деді маман.

Еске сала кетейік, 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы өнер көрсететеді.

Бұған дейін құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов байрақты бәсекеге дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшылар алдағы уақытта анықталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2017768-us-altyn-belgili-bapker-bokstan-taskentte-otetin-alem-birinsiligine-bolzam-zasady/

pixel