jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бокстан Ташкентте өтетін Әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды: Мырзағали Айтжанов пікір білдірді (видео)

    Мырзағали Айтжанов сұхбат барысында
    Мырзағали Айтжанов. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ташкентте өтетін әлем біріншілілігіне дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.

    "Әлем чемпионатының алдындағы соңғы оқу жаттығу жиыны Түркістан облысында, "Алма-Тау" спорт кешенінде өтеді. Ол жерде бірлескен оқу-жаттығу жиындары болады. Үлгерсе, Аустарлия, Филиппин, Армения және Тәжікстан секілді елдер келеміз деп отыр. Соңғы оқу жаттығу жиынында шеберлікке және тактика назар аударатын боламыз. 29 сәуір күні Ташкентке аттанамыз, 30 сәуір күні жеребе тарту рәсімі өтеді. 1-14 мамыр аралығында Қазақстан құрамасы бокстан әлем біріншілігіне қатысады.

    Оқу жаттығу жиынының ортасында жарысқа қатысатын боксшылардың тізімін ұсынамыз", - деді Мырзағали Айтжанов.

    Бокстан Ташкентте өтетін Әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды: Мырзағали Айтжанов пікір білдірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.