Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы екі дүркін Еуропа чемпионын ұтты
Опубликовано:
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Дулат Бекбауов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Дулат Бекбауов 1/16 финалда Румыния өкілі, екі дүркін Еуропа чемпионы Андрей Мустетовпен жұдырықтасты.
Тартысты өткен кездесуде отандық боксшы қарсыласын төрешілердің шешімімен ұтты.
Осылайша, Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов көтеріледі. Оның қарсыласы Тринидад және Тобаго өкілі Аарон Принс
- "Екі күн бойы ұйықтай алмадым": Аргентинадан ұтылған футболшы жеңілісті ауыр қабылдағанын айтты
- Аргентиналық қақпашы әлем чемпионатындағы ерсі қылығынан соң клубтан қуылуы мүмкін
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019674-alem-cempionaty-qazaqstandyq-bokssy-eki-durkin-europa-cempionyn-utty/