Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас кезі": желіде келбеті Головкин мен Рахмоновқа ұқсайтын спортшылардың видеосы тарады

Опубликовано:

Жас спортшылар
Жас спортшылар. Видеодан кадр: instagram.com/shyndykz/

Желіде жаттығу залында екі жас жігіттің сырт келбетін танымал боксшы Геннадий Головкин мен аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа ұқсатқан адамдардың видеосы тарады.

Видео Istagram-дағы shyndykz парақшасында жарияланды. Бейнежазбадан жаттығу залында дайындалып жатқан екі жас жігітті танымал споршыларға ұқсатқанын көруге болады.

"Шавкат Рахмонов мен Геннадий Головкиннің жас кезі. Ұқсастық бар ма?" - деп жазылған видеода.

Бейнежазбаны көргендердің бір тобы жас спортшыларды Головкин мен Рахмоновқа ұқсатса, енді бірі керісінше пікір қалдырған.

"Болашақ чемпиондар", "Шавкатқа қатты ұқсайды", "Ұқсап тұр, талаптары өссін", "Мүлдем ұқсамайды", "Шавкатқа ұқсайды, Генаға ұқсамайды", "Солардың жолын берсін", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020288-zas-kezi-zelide-kelbeti-golovkin-men-raxmonovqa-uqsaityn-sportsylardyn-videosy-tarady/