Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының күндізгі сессиясы аяқталды. Шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да финалға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үш боксшымыздың екеуі өзбекстандық спортшылармен кездеседі. Атап айтар болсақ, 54 келідегі Махмұд Сабырхан Ойбек Жураевпен жұдырықтасады.
Ал 67 келідегі Дулат Бекбауов өзбекстандық Асаходжа Муйдинходжаевқа қарсы шығады. Айта кетелік, Дулат 2022 жылы өткен Азия чемпионатының жартылай финалында дәл осы өзбек боксшысын 3:2 есебімен ұтқан болатын.
48 келідегі Санжар Тәшкенбай ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, финалға шығып отыр. Оның қарсыласы - грузиялық Сахил Алахвердови.
Кешкі сессияда екі қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Олар - Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі).
Бокстан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020338-eki-qazaq-bokssysy-finalda-ozbek-qarsylastarymen-zudyryqtasady/