jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Екі қазақ боксшысы финалда өзбек қарсыластарымен жұдырықтасады

    Дулат Бекбауовтың финалға шыққан сәті
    Дулат Бекбауов көк жейдеде: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының күндізгі сессиясы аяқталды. Шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да финалға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үш боксшымыздың екеуі өзбекстандық спортшылармен кездеседі. Атап айтар болсақ, 54 келідегі Махмұд Сабырхан Ойбек Жураевпен жұдырықтасады.

    Ал 67 келідегі Дулат Бекбауов өзбекстандық Асаходжа Муйдинходжаевқа қарсы шығады. Айта кетелік, Дулат 2022 жылы өткен Азия чемпионатының жартылай финалында дәл осы өзбек боксшысын 3:2 есебімен ұтқан болатын.

    48 келідегі Санжар Тәшкенбай ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, финалға шығып отыр. Оның қарсыласы - грузиялық Сахил Алахвердови.

    Кешкі сессияда екі қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Олар - Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі).

    Бокстан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады.

    Екі қазақ боксшысы финалда өзбек қарсыластарымен жұдырықтасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.